Кіру  Тіркелу

Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі талаптары төмендегідей болып табылады:

Жариялаған: admin 2 жыл бұрын 494
Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі талаптары төмендегідей болып табылады: 
 
Халықаралық үдерістерді салыстырмалы талдаушысы;
Сыртқы саясат және сыртқы экономика бойынша қр мемлекеттік басқару органдарының жұмыс жасау үлгісін жобалау және қадағалау;
Халықаралық қатынас жүйесіндегі үдеріс пен өзгерісті талдау, қр сыртқы саясатының маңызды мәселелерімен және тапсырмаларымен жұмыс жасау;
Ақпараттық-талдау жұмыстарын ұйымдастыру;
Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатта қызмет ететіндердің дайындығы мен жауапкершілігін жүзеге асырудағы қр өкілеттілігі мен мемлекеттік басқару органдарының ғылыми әдіске негізделген жұмыстарын жаңарту;
Аймақтық және халықаралық жағдайлардағы сұрақтарға кеңесшінің жәрдем етуі;
Мемлекеттік және жеке мекемелер мен кәсіпорындардағы халықаралық құрылым жүйесінің жұмысын ұйымдастыру.
Сен мына мамандықтар аясында жұмыс істей аласың:
 
Сыртқы саясат пен дипломатиялық қызметтерде;
Халықаралық үдерістерді саяси тұрғысынан талдау;
Саяси технологияда;
Саяси менеджментте;
Дипломатиялық және өкілеттілік қызметтерде;
Халықаралық қатынастардың әлеуметтанушысы.
Сен іс-тәжірибеден төмендегідей мекемелерде өтесің:
 
Дипломатиялық және консульдық мекемелерде;
Сыртқы істер министрлігінде;
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарында;
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (әртүрлі деңгейдегі әкімшілік) сыртқы және ішкі саясат бөлімшелерінде;
Шетел компанияларында;
Халықаралық зерттеу орталықтарда;
Қр тұңғыш президентінің қоры қаржыландыратын әлемдік экономика және саясат институтында (әэси)
Қр президентінің қоры қаржыландыратын қазақстан стратегиялық зерттеу институтында (қсзи)
Монтерей халықаралық зерттеу институтында.
Сенің қызмет атқаратын аяң:
 
Қр өзге елдегі дипломат-өкілі;
Ірі шетел компаниясы мен әртүрлі деңгейдегі әкімшіліктерде аналитик қызметі;
Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі тәуекелшіл эксперт;
Саяси технология аясындағы маман;
Саяси менеджмент аясындағы маман.